00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық колледж түлектеріне диплом табысталды

30.06.2023 | 15:30
84
Фото: Elorda.info

Бүгін «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі мен М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі түлектерге сәт сапар тіледі. Қос оқу орнының студенттеріне диплом табыстау салтанаты Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерттік залында өтті, деп хабарлады Elorda.info.

табыистау.jpg

Аталған іс-шараға Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысы Дәурен Бабамұратов, оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті, дін істері жөніндегі басқармасынан өкілдер және басқа да қонақтар іс-шараға арнайы қатысты.

студенттер.jpg

Іс-шараны М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі президенті Жомарт Қошқаров пен «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі директоры Саят Нұрғалымов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

-Биылғы диплом тапсыру рәсіміндегі ерекшелік, әрбір студенттің дипломы сыртында жеке дербес QR-код бар. Ол арқылы түлектің қашан, қай оқу орнынан білім алғаны көруге болады. Жалпы, диплом тапсыру салтанаты ойдағыдай өтті. 600 түлекке диплом табысталып, 1000-ға жуық ата-ана балаларының қуанышына ортақ болды, - деді «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Сарина.  

Барлық жаңалықтар