00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада баланы мектепке дайындау қанша тұрады?

09.08.2023 | 02:30
76
Фото: Елорда инфо

Жаздың соңғы айында көптеген отбасылар дәстүрлі түрде балаларды мектепке дайындау науқанын бастайды. Осы кезде ата-аналарды мазалайтын басты сұрақ: «Қажетті мектеп құралдары қанша тұрады?». Астанада биылғы мектепке қажетті барлық  оқу құралдары мен киім-кешектерінің бағасы қанша болатынын Elorda.info тілшісі зерттеп көрді. 

Жалпы кеңсе тауарлары мен киім-кешек бағасы орналасқан жеріне, брендіне, жеткізушісіне және сапасына қарай әртүрлі болып келеді. 

Жасыратыны жоқ, базарлар мен жәрмеңкелердегі баға сауда үйлері мен орталықтардағы бағаға қарағанда біршама төмен. Біз «Астаналық базар» іргесінде орналасқан мектеп жәрмеңкелерінің бірінде болдық.

Бұл жердегі баға орташа алғанда, қыздарға арналған мектеп формасына кіретін 2 дана ақ жейде, 1 белдемше, 1 дана сарафан , 1 дана шалбар, аяқ киім, мен спорттық костюм және кеудеше барлығына 70 мың теңгенің маңайы мен одан сәл жоғары қаражат кетеді.   

8 55108221_4142_4b1b_8c3c_f04fa1462fd3_02c09f7397.jpg
Ер балалар үшін киім-кешек пен аяқ киім Астаналық базарда 85 мың теңге болса, арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеде бұл бағадан 30 пайыздай төмен екен.   

Мектепке баратын оқушы үшін аталған киім-кешектен бөлек мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларын сатып алу қажет.  Базардағы кеңсе тауарларының жалпы құны 22 000 теңгені маңайласа, жәрмеңкеде дәл осы оқу құралдарының бағасы 14 800 теңгеден басталатынын көрдік.

Байқағанымыздай, бір қыз баланы мектепке дайындау құны 92 мың теңгеден асса, ұлдар үшін бұл сома шамамен 107 мың теңгені құрайды.  

837a7d20-7dd3-4e11-b685-74d222473fe2.jpg

Сатушылар атап өткендей, мектеп тауарларының бағасы өкінішке қарай жыл сайын көтеріледі. Бұл ретте жасөспірім оқушыны мектепке апару бастауыш сынып оқушысын мектепке дайындаудан әлдеқайда қымбатқа түсетіні белгілі.   

Қорыта айтқанда, бір баланы оқу жылына дайындау үшін 100 мың теңге жеткілікті деп айта алмайсыз.  

Жәрмеңкеден бөлек түрлі сауда орталықтарында аталған тауарлар айтарлықтай қымбатқа түседі. Көптеген отбасылар үшін бұл сома да отбасылық бюджет үшін қомақты салмақ салатыны белгілі. Бұл жерде екі немесе одан да көп баласы мектепке баратын отбасылар үшін аталған бюджет еселеп өсетінін де ескерген жөн.  

Сондықтан тамыз айында ашылатын мектеп жәрмеңкелері мен базарлар көптеген елорда тұрғындарының сұранысына ие болатыны сөзсіз.

Алтын РАЙХАН

Барлық жаңалықтар