00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада 2025 жылға дейін 24 мектеп пайдалануға беріледі

29.10.2023 | 11:30
73
Фото: kanalimov

Елордада “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығы мәселелерін шешу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, елордада өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 22 799 адамға артты, бұл ретте елордада оқушы орындарының тапшылығы 28 447 орынды құрайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін Астанада 2023 жылдан 2025 жылға дейін тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы 88 800 орындық 24 мектепті (2 ауысымда) пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда бөлінген 23 жер учаскесінің 18-і АҚ-да ресімделді, желтоқсан айының соңына дейін «Samruk-Kazyna-ға» босату және беру жоспарлануда. 

Сатып алу шеңберінде бір участок құрылыс басқармасына ресімделген. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар анықталып, 15 нысанда монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілерді мектептерге тартуға қатысты бүгінгі таңда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына жобалау-іздестіру жұмыстары және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде. Мемлекеттік сараптама қорытындысының болжамды шығу күні-ағымдағы жылғы қараша айында күтілуде, - деп мәлімдеді Ерлан Каналимов.

Барлық жаңалықтар