00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана мектептеріне қосымша оқулықтар сатып алынды

24.08.2023 | 05:23
61
Фото: ашық дереккөз

Астана мектептерінің қорында қазіргі уақытта 3 миллионға жуық оқулық бар, деп хабарлады Elorda.info

Жаңа оқу жылына қаланың 100 мектебіне қосымша 833 330 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдары сатып алынды.

Сондай-ақ биыл қала мектептеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15 мың данадан аса көркем әдебиет сатып алынды.

Оған қоса, осы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 мыңнан астам көркем әдебиет сатып алу жоспарлануда.

Қазіргі таңда қаладағы 98 мектептің барлық оқушылары электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілді.   

Барлық жаңалықтар