00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша конкурс басталды

31.03.2023 | 17:58
Айман Нығмет
30

Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған конкурс жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Өтінімдер ғылымды дамытудың келесі бағыттары бойынша қабылданады:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Энергетика және машина жасау;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

Барлық жаңалықтар