00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

31.03.2023 | 17:54
Елорда ақпарат
44

Оқу-ағарту министрлігі кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында жариялаған «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info министрлікке сілтеме жасап.

Байқау қорытындысы бойынша Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласының №24 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласының №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. Оларға Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табысталады.

Айта кетейік, байқауға ересектер де, балалар да қатысты. Қатысушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні,  #ұстазыңдықұттықта,  #деньучителя,  #поздравьсвоегоучителя хэштегімен бейнероликтер жариялап, ұстаздарына алғыстарын жаудырды.

Барлық жаңалықтар