00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде республикалық жас мұғалімдер форумы аяқталды

25.02.2023 | 14:23
Елорда ақпарат
51

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова форум қатысушыларын өзінің табысты және шығармашыл әріптестері ретінде атай алатынын мақтанышпен жеткізді.

Біз, ұстаздар, болашақ премьер-министрлер мен президенттерді, ұлт қаһармандары мен әлем жұлдыздарын, ең бастысы, нағыз патриоттар мен бақытты адамдарды кездестіріп, оқытамыз. Бүгінде еңбек жолын бастаған әрбір жас маман өз өмірін мектепке, балаларға арнайды, - деді Күләш Шәмшидинова.

Форумға қатысушылар мотивациялық спикерлерді ыстық ықыласпен қарсы алды, жас ұстаздар алдында өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандықтар сөз сөйледі. Іс-шара барысында «WikiBilim» қоғамдық қорының негізін қалаушы және басшысы, сұранысқа ие Bilim Media Group электронды білім беру компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы, «Астана» телеарнасының журналисі, «Ретро FM», «Европа плюс», «Орда FM» радиосының жүргізушісі, актриса Майра Төлепберген және  танымал актер Асқар Ілиясов өз тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Екі күн шығармашылық талпынысқа, жаңа таныстықтарға, кәсіби жаңалықтарға толы болды.

Нақты кейстер мысалында мектеп басшылары мен мұғалімдері арасында оқыту және мектепті басқару практикасын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды. Инклюзия бойынша жетекші мектеп педагогтеріне кейс-сессиялар, жас мұғалімдерге арналған педагогикалық квест-карусель, мектеп басшыларына арналған деректерді талдау практикумы өтті.

Жеке шеберлік сабақтар өткізген Дамир Сұлтанов, Гүлдана Бұхарбаева, Темірбек Сағындықов және өзге де жас мамандар форумның нағыз каһармандарына айналды. Олар өз әріптестерін сабақты ұйымдастырудағы және жеке кәсіби дамудағы атауының өзі маңыздылығын айқындайтын – цифрлы мұғалім, сабақ форсайты, педагогикалық ангажемент, дифференция және оқытудағы лайфхактар креативті кейстермен таңғалдырды.

Алматылық математика пәні мұғалімі Темірбек Сағындықовтың сөзінше, бүгінгі таңда әр мұғалім цифрлы болуы керек, бұл – сән емес, қажеттілік. Темірбек өзінің шеберлік сабағында әріптестермен пікір алмасты.

Әлемде табысты мұғалімге қойылатын басты жеті талап бар, олардың үшіншісі – цифрлы сауаттылық және оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу, – деді Темірбек Сағындықов.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ағылшын тілі мұғалімі Әділ Анарбеков бағалау кезінде баланың психологиялық жай-күйі шешуші мәнге ие екенін айтты.

Шәкірт пен ұстаз арасындағы алтын көпір – сенім, ол адалдық, сүйіспеншілік және үміттен құралады, - деп атап өтті Әділ Анарбеков.

Форум қатысушыларымен «галстуксыз кездесуге» Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» Дамыту қорының директоры, «SHARE орта білім берудегі ғылым» жобасының жетекшісі Назипа Аюбаева, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова келді.

Семей қаласындағы Зияткерлік мектептің физика пәні мұғалімі, Қазақстаннан алғаш болып Global Teacher Prize жаһандық сыйлығының топ 50 иегері қатарына кіріп, амбассадоры атанған Асхат Жұмабеков жаңа буын ұстаздарының мерекелік көңіл күйіне ерекше үн қосты. Асхат өз мамандығын саналы түрде таңдағанын айтып, нағыз мұғалім ретінде форум қатысушыларына олардың әрқайсысы өзінің ең үздік нұсқасы бола алатынын нық сеніммен жеткізді.

Орталық online.cpm.kz платформасында жұмыс істейтін «Жас мұғалім мектебі» ашық онлайн курсын әзірлеп, дайындады. 

Бүгінде «Табысқа апарар жол» бірінші форумы тарих бетіне жазылды, педагогтердің кәсіби дамуы мен байланысы үшін бірегей платформа құрылды және еліміздің үздік жас мұғалімдері NIS-пен бірге табысқа жету жолын жалғастырады.

Барлық жаңалықтар