00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл 1-сыныпқа баратын балалардың 70%-ы қазақ тілінде оқуды таңдаған

25.02.2023 | 12:07
Елорда ақпарат
28

Бүгінгі таңда балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін 390 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

Бірінші сыныпқа бару үшін өтініштер 1 сәуірден бері қабылданып жатыр. Құжат қабылдау 2022 жылдың 1 тамызында тоқтатылады. Әрі қарай мектептерге сыныптар ашу және оқу процесін ұйымдастыру үшін уақыт беріледі.

Құжат қабылдаудың аяқталуына бірнеше күн қалды. Айта кетейік, 1 сәуірден бастап 4 ай көлемінде біз БАҚ, әлеуметтік желі арқылы құжаттарды 1 тамызға дейін өткізу керек екенін хабарладық. Әлі құжат өткізбегендер 1 тамызға дейін үлгеруі керек. Қазір мемлекеттік білім беру қызметтері электронды нұсқада қолжетімді, сондықтан өтінішті egov.kz порталы арқылы жіберуге болады. Ата-аналардың қалауына қарай құжатты дәстүрлі қағаз түрінде де өткізе алады, – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.

Барлық жаңалықтар