00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл 500 қазақстандық студент Аризона университетінде оқуға мүмкіндік алады - Дэниел Палм

25.02.2023 | 11:35
Елорда ақпарат
22

М.Қозыбаев атындағы СҚУ университетінде қазақстандық студенттер әлемдік деңгейде білім алу үшін бағдарлама ұйымдастырып отырмыз. Бұл ғылым мен зерттеу жобаларын, академиялық жүйені дамытуға мүмкіндік береді. Аризона университетінің әлем бойынша 11 кампусы бар. Біз олармен қос диплом бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 2 мыңнан астам студент оқуға кірісті, - деді Палм.

Оның айтуынша, мұндай бағдарламаға қатысатын студенттер АҚШ профессорлары мен жергілікті профессорлардан білім алады.

Олар екі деңгей бойынша білім алады. Біреуі Аризона университетінен, екіншісі СҚО университетінен. Бұл бағдарлама бойынша оқитын студенттер өзінің тәртібі мен үлгеріміне ерекше қарауы керек. Студенттер Аризонаға да барып, Қазақстанда да оқи алады. Студенттер 40 мың адам оқитын университетте білім ала алады. Осы күзде біз 500 студентке арналған қос дипломдық стипендиялық 5 бағдарламаны іске қосамыз. Біз қолданбалы биотехнология, өсімдік денсаулығы, өсімдік туралы ғылым, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және деректер туралы ғылым бағдарламаларының, инженерия, денсаулық сақтау, жаһандық медиа, білім беру, химия және т.б. бағдарламалардың алдағы жоспарларын ұсынамыз, - деді ол.

Барлық жаңалықтар