00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Екі айда 250 мыңнан астам 1-сыныпқа қабылдау өтініші түсті

25.02.2023 | 08:15
Елорда ақпарат
36

«Құжаттарды қабылдау штаттық режимде жүріп жатыр. Осы ретте құжаттарды тапсыруда ата-аналардың белсенділігін байқауға болады. Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін 1-сынып балалары көбейді. Қазақ тілінде оқитын сыныптарға қабылдаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау (91%), Қызылорда (91,5%), Жамбыл (82,2%) және Атырау (80,1%) облыстарында тіркелді», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Айта кетейік, бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барлығы 400 мыңнан астам қазақстандық бала барады деп күтіліп отыр. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы іске асырылып жатыр. Ата-аналар өз ыңғайына қарай дәстүрлі қағаз нұсқасында да құжат тапсыруға болады.

Барлық жаңалықтар