00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы мектеп-лицейдің аудиториясына ғалым Қайрат Мамәділдің есімі берілді

25.02.2023 | 06:58
Елорда ақпарат
49

Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Кабинеттің лентасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиетші-профессор Серік Негимов қиды. Жиналған қауым Ахмет Байтұрсынұлы мұражайымен танысып, ары қарай дөңгелек үстел басында ой өрбітті.

Қайрат Мамәділ тірі болса биыл 60 жасқа толар еді. Ғалым бар ғұмырын қазақ ұлтының дамуына арнады. Жас кезінен бастап тілге жанашыр талантты жастарды  қасына тартып, көп көмектесті. Өзінің туған жері Шығыс Қазақстан жайлы, өлкенің тарихи орындары мен тұлғалары жайлы жиі жазып, насихаттап тұрды. Елорданың қалыптасуына да үлес қосты. Ғалымның атына ашылған кабинет оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетін насихаттайтын киелі орынға айналары анық. Себебі Қайрат Мамәділ Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын зерттеген ізбасарларының бірі болды, –деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Д.Қамзабекұлы.

Қайрат Мамаділ 1990 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдаған соң, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, қазақ филологиясы факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Сонымен қатар Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, институт деканы қызметін абыроймен атқарды.  Қайрат Мамаділ – 5 оқу құралының, 60-қа жуық ғылыми мақаланың авторы.

 

Барлық жаңалықтар