00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін гидрогель ойлап тапты

25.02.2023 | 00:28
Елорда ақпарат
42

Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді.

Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады.

Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді, – деді әзірлеме авторы, ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.

Барлық жаңалықтар