00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

АХҚО аумағында британдық университеттің филиалы ашылады

24.02.2023 | 23:27
Елорда ақпарат
39

Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов қатысты.

Британдық және ресейлік шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының екі филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды, олардың бірі АХҚО алаңында ашылады.

Филиалдарда оқыту кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша, сондай-ақ ел экономикасының қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов қазақстандық тараптың беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Вице-премьер Білім және ғылым министрлігіне шетелдік университеттердің ұсыныстарын егжей-тегжейлі зерделей отырып, әлеуетті инвесторлармен келіссөздерді жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Аустрия мен Түркия Республикасының инвестициялық компанияларының өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Келіссөздер барысында көпбейінді аурухана ашу, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласында инновациялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері қаралды.

Компаниялардың ұсыныстарын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайтын болады.

Барлық жаңалықтар