00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Интернеттегі дау: қазақстандық ЖОО-ны америкалық университеттің басқаруына бермекші

24.02.2023 | 23:21
Елорда ақпарат
50

Қаулы жобасын «Ашық НҚА» алаңында 4 ақпанға дейін талқылауға болады.

Аризона университетімен ықпалдастық 2021 жылы басталған. Сол кезден бері біздің университетімізге Аризона университетінің үш делегациясы, оның ішінде университет президенті, провосты және бірнеше деканы келді. Шілде айында ҚР БҒМ, Аризоны университеті және СҚУ арасында үшжақты меморандум жасалды, – дейді Солтүстік Қазақстан университетінің проректоры Дәмел Мектепбаева.

Университеттегі оқу ҚР заңнамасын ескере отырып, бірақ Аризона университетінің немесе қосарлы диплом бағдарламасы бойынша жүргізіледі. БҒМ талабы бойынша, профессорлық-оқытушылық құрамның кемінде 30%-ы енді шетелдік менторлар болуға тиіс. Өз трапынан БҒМ университетке мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жалғастыра беретін болады, сондықтан студенттердің бір бөлігі онда тегін оқи алады. Ал ақылы бөлімдегі оқудың құнын директорлар кеңесі белгілейді. 

Қазақстандық университеттер бірден екі диплом – қазақстандық және америкалық диплом ала алады. Ал соңғы курста студенттер Аризонаға оқуға барады. Қазақстандық оқытушылар да америкалық әріптестеріне барып, біліктілігін көтеру мүмкіндігіне ие болады, – дейді Мектепбаева. 

Алайда бұл жаңалыққа қатысты пікірлер екіге жарылды. Қазақстандықтардың бірінің ойынша, енді америкалық тарап СҚУ студенттеріне батыстық құндылықтарды насихаттайтын болады. 

Аризона университеті АҚШ-та сексуалдық азшылыққа (ЛГБТК+) арналған жайлылық бойынша төртінші орында тұр. Онда 10 квир-клуб бар, арнайы квир-кештер мен гей-ойындар өтеді. Оның үстіне, бұл ЖОО тұрақты үй-жайы жоқ біржынысты жұптарға пәтер ұсынады. Мен біздің университетті басқаруды бұларға беруге қарсымын, – деп жазды олардың бірі. 

Енді бір оқырмандар бұл мүмкіндікке қуанышты екенін, оның қазақстандық жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ететінін айтуда.

Барлық жаңалықтар