00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда Аризона университетінің филиалы ашылады

24.02.2023 | 23:10
Елорда ақпарат
34

Кездесуде стратегиялық серіктестік және Қозыбаев атындағы СҚУ базасында Аризона университетінің филиалын ашу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен жұмыс барысын талқылады. Аризона штаты Өкілдер палатасының төрағасы Р. Бауэрс жобаны жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді және білім беру сапасын арттырудағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Вице-министр Қ. Ерғалиев аталған жобаны іске асыру үшін нормативтік құқықтық құжаттарда қабылданған өзгерістер туралы айтып берді. Тараптар білім беру қызметін жүзеге асыру, оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдарды тарту тәртібін және лицензиялау мәселелерін талқылады.

Елімізде шетелдік оқу орындарының кампустарын ашу студенттердің сыртқа кетуін азайтып, қазақстандық жоғары білім жүйесіне әлемдік стандарттар мен жаңа әдістемелер енгізуге мүмкіндік береді. Отандық оқу орындары арасындағы бәсекелестік артады.

Барлық жаңалықтар