00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Атақбас адамдар!»: Белгілі блогер медаль сатып алатын мұғалімдерді сынға алды

24.02.2023 | 22:35
Елорда ақпарат
55

Елордадағы №90 мектеп-гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының постын белгілі блогер әрі тележүргізуші Дәулет Мұқаев өзінің instagram-парақшасында бөліскен еді.

Ұстаздарға арналған медальдардың саудасы қызып тұр. Міне, ұлттың құрдымға кетуі...
«Ғасыр ұстазы» – 13 мың,
«Алаш ұстазы» – 10 мың,
«Ұлт ұстазы» – 5 мың теңге.
«Ұлағатты ұстаз» атану бұдан сәл қымбаттау, оның құны – 20 мың теңге, – делінген постта.

Бұл мәселеге қатысты Дәулет Мұқаев:

Осындай атақты сатып алатындар мен үшін #атақбас адамдар! – деп жазды.

Пост астында пікір білдіргендер арасында тәжірибесінде осындай жайттар кездескен мұғалімдер де бар екен.

Зав.кафедрамызға ұжым боп сатып алып бергенбіз. Оны не істейді, Құдай білсін. 3 ай сайын жинайды бір медальді. Еще мен барып әкелем ғой оны, Шымкентте Қонаев көшесінің бойындағы подвалда сататын 2016 жылдары, – деді желі қолданушыларының бірі.

Негізі, «сатылымда» педагогтарға арналған медальдардың түр-түрі бар болып шықты. Мысалы, солардың бірі –  «Қазақстан ұстазы» төсбелгісінің жарнамасын интернеттен көзіміз шалып қалды.

Сіздерге ұсынылып отырған «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі – «SKILLS ACADEMY» мекемесінің ұстаздар мәртебесін көтеруге бағытталған тың жобасы. ...«Қазақстан ұстазы» төсбелгісін əрбір маман иесі кеудесіне таққанда өз қызметінің мəртебелі мамандық екендігін сезінеді. ...Ұстаздарыңызды сыйлық жасап, қуантыңыз!
Төсбелгі бағасы – 4990 тг, жеткізу тегін. 10 данадан көп тапсырыстар үшін жеңілдіктер қарастырылады, – деп, әрі қарай медаль сататын мекеменің телефон нөмірі мен мекен жайы көрсетілген.

Мұнда да қызу сауда: көп медаль алғандарға – көтерме бағамен. Құдды тауар ма дерсің. Посттың астында «мен алайын да, мен алайын» дескен он шақты адам пікір қалдырыпты.

«Білім туралы» за­ңға үңілсек, үздік ұстаздарды ве­дом­ство­лық наградалармен марапат­таудың негіздемесі темір­дей тәртіппен бекітіліп беріледі. Тіп­ті «Ы.Алтынсарин», «Ғы­лымды да­мы­туға сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің құрметті қыз­мет­кері» төсбелгілерімен ми­нистр­ліктің «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты» болған жағдайда ғана марапатталатыны, ең аяғы медальді кеуденің сол жағына, төсбелгіні кеуденің оң жағына тағу керектігіне дейін белгіленген жоралғылары бар. Ал манағы біз әңгіме етіп отырған «сатылымдағы» марапаттарда мұндай ереженің бірі де сақталмайды.

P.S. Айтпақшы, Журналистер күні қарсаңында бір жас журналистің «Қазақ журналистикасының қайраткері» төсбелгісін алғанын да көзіміз көрген. Соған қарағанда шынымен де, Дәулет Мұқаев айтпақшы, елімізде «атақбас» адамдар көбейіп кеткен секілді. Біздіңше, бұл – қауіпті үрдіс.  

 

 

Барлық жаңалықтар