00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Жаңбыр жауып, дауыл соғады»: Бүгін ауа райы қандай болады?

10.06.2023 | 09:00
52
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» 10-12 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы күндері атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел соғады.

10-12 маусымда солтүстік, шығыс, орталық пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-батыс, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Барлық аймақта ауа температурасы төмендейді.

Сонымен, ыстық солтүстікте, шығыста +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін бәсеңдейді.

Барлық жаңалықтар