00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жаңбыр, аяз, жел: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

05.04.2023 | 23:11
65

Синоптиктер 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ұласуы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар