00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Өткінші жаңбыр»: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

06.06.2023 | 23:00
72
фото: Оңалхан Өнерхан

Ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады деп болжанды. Республиканың бірқатар өңірінде аптап ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК -ға сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметі бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанды, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл болжанды, – делінген хабарламада.

Павлодар, Абай, Шығыс-Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында өтте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық болжанды.

Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Барлық жаңалықтар