00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Демалыс күндері боран соғып, көктайғақ болады

27.01.2024 | 02:30
68
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Атап айтқанда, қар жауады, солтүстік және шығыс облыстарда боран соғады. Ал оңтүстік облыстарда қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі. 

29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ, тұман түседі деп болжануда. Мамандар демалыс күндері температура фонында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар