00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұланның 1700-ден астам әскери қызметшісі марапатталды

07.05.2023 | 11:30
34
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Ұлттық ұланның 1700-ден астам әскери қызметшісі марапатталды, деп хабарлады Elorda.info баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

07-05-3.jpg

Сондай-ақ оларға төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Бүгінгі таңда біз маңызды мемлекеттік объектілерді күзету үшін жаңа бөлімшелер құрамыз. Сондай-ақ кадрларды даярлау, жауынгерлік дайындықпен айналысу және Отанымызды қорғауға әрқашан дайын болуымыз керек, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

Іс-шара соңы мерекелік концертке жалғасты. 

07-05-2.jpg

Барша қазақстандықтарды Отан Қорғаушылар күнімен – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 31 жылдығымен және Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін табыс тілейміз, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.

Барлық жаңалықтар