00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Көлік министрі Алматы мен Астана арасындағы автожол жұмыстарын тексерді

18.09.2023 | 05:00
40
Фото: дереккөз

Көлік министрі Марат Қарабаев Құрты ауылынан Астана қаласына дейін «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар жолды автокөлікпен жүріп өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыс сапары барысында министр «Құрты-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» учаскелерін қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексеріп, құрылыс мердігерлерімен жиындар өткізді.

М.Қарабаев қасына Көлік комитетінің басшысы Т.Абдуллин және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Қасымбаевты ертіп, «Құрты-Бурылбайтал» учаскесіндегі жұмыстардың барысымен танысты. 2017 жылы басталған жобаны Todini Construzioni Generali, СП «СинеМидасСтрой», «Синохайдро» және KLV Inşaat Anonim Şirket компаниялары жүзеге асыруда. «Құрты-Бурылбайтал» жобасының жалпы ұзындығы 228 шақырымды құрайды. Жаңа асфальт бойынша қозғалыс 192 шақырым ашық, ал жылдың соңына дейін І-Б санатты жол сегментінің бүкіл ұзындығы бойынша көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарлануда. 

1e2cd9f0e86dbcca6e2e837e10a29521_1280x720.jpeg

Министр «Қарағанды-Балқаш» жолының учаскесін тексерді. Онда CITIC Construction Co және «СинеМидасСтрой» СП компаниялары басталған жұмыстарды аяқтап жатыр. Қозғалыс 4 жолақты жолдың 363 шақырымының 313-інде ашық. 

Айта кетерлігі, құрылыс нысандарына барған кезде Марат Қарабаев мердігер ұйымдармен кеңес өткізді. Оларға шарттық міндеттемелерді сапалы орындау тапсырылды.

Егер көрсетілген мерзімдерден артта қалған жобаларыңыз болса, бұл туралы бірден айтыңыздар. Біз де, жолда жүретін жолаушылар да шындықты білуі керек. Алайда, бұл себеп-салдарын түсіндірдік деп, ары қарай жайбарақат жүруді білдірмейді. Егер сіздер құрылыс мерзімдерін соза берсеңіздер, біз заң аясында тиісті шаралар қолданамыз, тіпті шартта көрсетілгендей айыппұл саламыз. Бәріне дайын болыңыздар, - деді министр жол бойында өткізілген жұмыс жиналыстарының бірінде.

Барлық жаңалықтар