00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Көктемде ауа райы қандай болады

17.02.2024 | 02:00
58
фото: astana.tv

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы көктем айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы:

Көктемнің алғашқы айы – наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын болады. Жер көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасы түнде минус 15-25°С -қа түсіп, аяз болады.

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7°С көрсетіп, жылымық сезіледі. Айдың үшінші онкүндігінде ауа температуры 5-15°С -қа көтеріледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде наурызда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі болады. Ауа температурасы түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін көтерілуі байқалады.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға сай, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде нормаға шамаласады.

Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға шамалас болады деп болжануда.

Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға сәйкес, солтүстік-батыс аймағында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан жоғары болады. Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр.

Барлық жаңалықтар