00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

25.02.2024 | 02:30
80
Фото: Оңалхан Өнерхан

25 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 

Шымкентте 25 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. 

Түркістанда 25 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

25 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

 25 ақпанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 

25-27 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 ақпанда күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 25-26 ақпанда облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 25 ақпанда күндіз, 26-27 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Барлық жаңалықтар