00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

23.08.2023 | 16:00
53
Фото: Сұлтан Сейіт

«Қазгидромет» синоптиктері 24-26 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжамды жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

Ауа температурасы республиканың солтүстік облыстарында – түнде солтүстікте ауа температурасы 7-12 градусқа дейін төмендейді, күндіз 17-22 градусқа дейін жетеді. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар