00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11.07.2023 | 23:00
30
фото: kharkov.comments.ua

Қазгидромет синоптиктері 12 шілде, сәрсенбіде бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында - 15-20 м/с. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі бар. 

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде - 35-36 градус қатты ыстық. 12-13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

12-14 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматыда 12-13 шілде аралығында 35-37 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар. 

12-13 шілде күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық болады. 12-13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде - 35-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік- батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с шамасында. Өңірдің солтүстігінде, батысында 40-42 градус өте қатты ыстық бар, төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында - дауыл, бұршақ. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында, солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың солтүстігінде - жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде - төтенше өрт қаупі бар. 

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада 12-13 шілде аралығында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар. 

12 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі бар. 

Шымкентте күндіз - 40 градус қатты ыстық.

Барлық жаңалықтар