00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елдің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

29.01.2024 | 02:30
94
фото: ашық дереккөз

.Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде,  Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында да түман түседі. Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Алматы қаласында да күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман.  Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз көктайғақ болжанады.  Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында ежлдің  күші 15-20 м/с  дейін болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 28 қаңтардың сағат 21.00-ден 29 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. 

  Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.   Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.жейнт жетеді.  Шымкентте  кей уақытта қатты жауын-шашынды . Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с. жел соғады,  

 Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,   Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі.  

 Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. 

Барлық жаңалықтар