00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

26.01.2024 | 02:30
60
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің бүгінге жасаған болжамына сәйкес ел аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болуы салдарынан тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Elorda.info 

Еліміздің таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жауын-шашын, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте қалың қар жауады, - деді синоптиктер.

Кейбір өңірлерде қалың  тұман түсіп, көктайғақ, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі. 

Астанада – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қар жауады. Мұз, қарлы боран. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9°C, одан әрі төмендейд,- - деді синоптиктер.

Алматыда – таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ. Кешке қарай тұман түседі Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (негізінен қар). Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы  шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°C, күндіз 0,-2°C.

Барлық жаңалықтар