00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Цифрлық нотариат»: Сенімхаттарды енді онлайн рәсімдеуге болады

20.04.2023 | 10:10
51

Қазақстанда сенімхаттарды онлайн рәсімдеу жобасы – «Цифрлық нотариат» іске қосылды. Бұл Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен пилоттық жобасы, деп хабарлады Elorda.info

Халықтың арасында нотариаттық куәландырылған сенімхаттарды алу қызметі танымал. Былтыр 2 млн-ға жуық осындай қызмет көрсетілген. 

Жалпы цифрлық сервистерді дамыту Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы алдында электрондық үкімет базасында азаматтар мен бизнестің өзара іс-қимылын жеңілдету мақсатында цифрлық сервистерді дамыту бізге жүктелген болатын. Осындай тапсырманы орындау барысында жаңа цифрлық сервисті электрондық үкіметке шығарудамыз. Цифрлық нотариат деген онлайн түрде сенімхаттарды рәсімдеу, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Цифрлық сенімхатты рәсімдеу жолы:

- eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту;

- өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою;

- онлайн қызмет түрін алушы өзінің жеке басын растау үшін мобильді қосымшада нотариусқа бейнеқоңырау шалады;

- белгіленген тариф бойынша нотариус қызметіне ақы төлеу;

- “Сандық құжаттар” бөліміне өтіп, сенімхат алу.

Сенімхаттың бұл түрі оның қағаз нұсқасындай қолдануға жарамды.  

Барлық жаңалықтар