00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Батыс және солтүстік өңірлерде -32 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

11.01.2024 | 02:30
74
Фото: ашық дереккөз

11-13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтілуде. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты қар жауып, көктайғақ болады деп хабарлады Elorda.info

Осыған орай, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы   «ҚазАвтоЖол» компаниясы ел тұрғындарына ескерту жариялады.

Ауа-райын болжаушы мамандар батыс және солтүстік өңірлерде -32 градусқа дейін аяз жүруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Ауа-райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпаратты алуға болады, - деп жазды  компанияның баспасөз қызметі.

Компанияның ақпаратынша, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Барлық жаңалықтар