00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады?

31.08.2023 | 13:00
67
Фото: freepik.com

Елімізде қыркүйек айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер күні жоқ. Дегенмен бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі, деп хабарлады Elorda.info egov.kz порталына сілтеме жасап.

Қыркүйекте елімізде ешбір мемлекеттік не ұлттық мереке жоқ. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда 9 күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар қыркүйекте 5 күн демалатын болады. Дегенмен, қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі: 

Білім күні – 1 қыркүйек; 

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі; 

Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі; 

Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек; 

Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек; 

Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек; 

Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі; 

Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі. 

Барлық жаңалықтар