00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ауа райына байланысты 3 облыста жолдар жабылды

25.12.2023 | 06:15
48
Фото: дереккөз

3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көліктің барлық түріне жолға шығуға шектеу енгізілді. Бұл туралы Elorda.info «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ақмола облысында - 3 учаске 

1. «Астана-Петропавл» автожолында 18-234 км,  Астана қ.- Щучинск қ. («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.

2.«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 16-200 км,  Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км. 

3.  «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км. 

Қарағанды облысында - 1 учаске 

1.  «Екатеринбург - Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км. 

Павлодар облысында  - 1 учаске 

1.«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан- Шідерті ауылына дейін – 54 км. 

Барлық жаңалықтар