00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада арзан жер телімдерін алмақ болған 4 адам ақшасынан айырылды

30.11.2023 | 07:00
62
Фото: дереккөзден

Алматы аудандық полиция басқармасы қала маңында жоқ жер телімдерін сатып жүрген 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғыны елордаға жақын маңдағы ауылдан жер телімін алуға көмектеспек болған танысына 2,5 миллион теңге бергенін айтып, полицияға хабарласқан. Бұған қоса күдікті дәл осындай жолмен тағы 2 азаматты алдап, 3 миллион теңгені қалтасына басқаны белгілі болды. Алаяққа сеніп, ақшасынан айырылған 4 жәбірленуші полицияға шағым түсірді. 

«Тергеу барысында полицейлер күдіктінің сат ылымда жоқ әрі бағасы арзан жер телімдерін көрсеткенін анықтады. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындап отыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп көрсетті қалалық полиция департаменті. 

Барлық жаңалықтар