00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана мен тоғыз облыста ескерту жарияланды

30.01.2024 | 02:30
78
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Астана Ақмола, Ақтөбе облыстарында тұман, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында бұрқасын, Жетісу облысында тұман мен бұрқасын күтілетін мәлімдеді.

Сонымен қатар бүгін Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), Алматы облысында кей жерлерде қалың қар күтіледі.

29 қаңтарда сағат 21.00-ден 30 қаңтарда 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі төмен деңгейлі жағдай туралы ескерту сақталады, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады,- деп жазды ведомство.

Барлық жаңалықтар