00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астана күні қарсаңында ауа райы қандай болады?

03.07.2023 | 23:00
63
фото: uritsk.livejournal.com

Синоптиктер 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Алдағы күндері еліміз бойынша жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, - делінген хабарламада.

Тек батыс өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды.

Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы:

солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін;

солтүстікте +25+30°С дейін;

шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін; оңтүстікте +25+38°С дейін болады.

Барлық жаңалықтар