00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

01.02.2024 | 02:30
63
фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болады. Атап айтқанда, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.

Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде болады деп күтілуде.  Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжануда. Ақпанның бірінші онкүндігінің басында елдің басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Айдың басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қалың қар жауады.   

Тұрақсыз ауа-райы тұман, көктайғақ және жылдамдығы 15-28 м/с дейін жел соғады.  Республиканың батысының басым бөлігінде  ақпан айының басы мен бірінші онкүндіктің ортасына қарай ауа температурасы жоғарылайды. Температуралық фонның кезекті төмендеуі  ақпанның бірінші онкүндігінің соңында елдің солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады.

Барлық жаңалықтар