00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мың адам іздестіріліп жатыр

01.04.2023 | 00:49
Елорда ақпарат
54

Қылмыс жасады деген күдікпен 2,5 мың адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеуде. Шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорларды үйлестіруімен 500 адам ұсталды. Ішкі істер органдарының мәліметі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде, - деп жазылған ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хабарламасында.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды. 

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында іздеуде жүрген қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды. Олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр.

Мысалы, ағымдағы жылы қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Барлық жаңалықтар