00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сот шешімін елемеген шетелдіктер Қазақстаннан шығарылды

31.03.2023 | 23:05
Елорда ақпарат
47

Сот шешімін елемеген шетелдіктер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz жазуынша, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден кетуге мәжбүр болған. Бірақ бұл талаптарды елемеген көршілес елдердің азаматтары туралы болып отыр.



Бұл процедура Өзбекстан мен Тәжікстанның консулдық қызметтерінің көмегімен жүзеге асырылды. Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Бұл бірінші тәжірибе емес, - деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Айта кету керек, Алматы полициясы, заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында «Келімсек», «Заңсыз» және «Құқықтық тәртіп»  іс-шараларын тұрақты түрде жүргізеді.
 

Барлық жаңалықтар