00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан азаматы Белоруссиядан экстрадицияланды

31.03.2023 | 22:49
Елорда ақпарат
39

Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.

Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Барлық жаңалықтар