00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керек

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
33

Елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керек? Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек. Ол өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сонымен қатар көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Яғни мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, – деді Қайсар Сұлтанбаев аталған ведомствода өткен брифингіде.

Аталған құжаттардың растығы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тексеріледі. Ол жұмыспен сарапшы-криминалист маман айналысады.

Тексеруден кейін көлік иесінің ұялы телефонына нәтижесі және көлік құралын тіркеу үшін авто ХҚКО-ға келу туралы хабарлама жіберіледі, – дейді ол.

Барлық жаңалықтар