00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде жылу бағасы қымбаттайды

31.03.2023 | 21:24
Елорда ақпарат
25

Қазақстанда жылу бағасы қымбаттайды, деп хабарлады Elorda.info.

LS мәліметінше, бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Мемлекеттік меншіктегі субъектілерге өз желілерін жаңғырту қажет. Сондықтан  келесі жылдың екінші жартыжылдығында тарифтердің өзгеруі орын алады, - деді ол.

Министр қазір жылу электр орталығы (ЖЭО) тозығын азайту маңызды екенін айтты.

Тарифтердің өсуі тозуды шамамен 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Біз жылу электр станцияларының тозу деңгейі ең жоғары аймақтар туралы айтып отырмыз. Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге арттыруды ұсынды. Әрине, бұл мүмкін емес. Бірақ жалпы тарифті өзгерту мәселесін талқылаймыз. Тариф көтеріледі, басқа амал жоқ. Бірақ, мен айтқанымдай, мұнда біз әлеуметтік мәселелерді ескереміз, оны қоғаммен талқылаймыз, - деп түйіндеді Қуантыров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жылу энергетикасында тозу деңгейі ең жоғары аймақтар аталған болатын. Қызыл аймақтағы 19 ЖЭО-ны қалпына келтіру үшін үшін 182 млрд теңге қажет екені анықталды.

Барлық жаңалықтар