00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«7-20-25» бағдарламасы жалғасады

31.03.2023 | 21:21
Елорда ақпарат
35

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 қаулысымен қабылданды, - деп жазылған Ұлттық Банк хабарламасында.

2023 жылы бағдарлама бойынша несие беру үшін 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Жеңілдетілген төмен пайызбен несие беру арқылы азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

Бағдарлама аясында 2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 млрд теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген төмен пайызбен қарыз берілді.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.        

 

 

Барлық жаңалықтар