00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Мәміле» клубының қорытынды отырысы өтті

31.03.2023 | 21:20
Елорда ақпарат
41

«Мәміле» клубының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы жылдары өзге ұлт арасында мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық артып келеді. Бұл бағытта «Мәміле» қазақ тілі клубының да үлесі зор екенін айтып кеткен жөн.

Қалалық Достық үйінде орналасқан клубтың биылғы соңғы отырысы «Тіл табыса білу – өнер» деген тақырыпта өтті. Жиынға қалалық ҚХА этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Сабақ барысында қатысушылар жалғаулардың түрлерін зерттеп, бір-біріне сұрақ қойып, пікір алмасты.

Айта кету керек, «Мәміле» клубы 2019 жылдан бастап этномәдени орталықтардың өкілдері үшін мемлекеттік тілде еркін және ауызша сөйлеуді қалыптастыру мақсатында жұмыс істейді.

 

Барлық жаңалықтар