00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«7-20-25» бағдарламасын қайта іске қосуды ұсынды

31.03.2023 | 20:52
Елорда ақпарат
39

Қазақстанның Құрылысшылар одағы «7-20-25» бағдарламасының шарттарын өзгертіп, қайта іске қосуды ұсынып отыр. Бұл туралы аталған одақ төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатымыз баспанаға мұқтаж адамдарды пәтермен қамтамасыз етуге арналады. Біз бүгін тұрғын үй саласындағы өз ұсыныстарымызды жеткізгіміз келеді. Ең алдымен, «7-20-25» бағдарламасы шартын 25 жылдан 35 жылға өзгертіп, Қазақстан тұрғын үй компаниясы арқылы салынып жатқан кепілі бар үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік беру қажет. Бағдарлама Қазақстанның тұрғын үй компаниясы аясында ғана жұмыс істейтіндігін білесіздер. Банктермен жұмыс істемейді, - деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Талғат Ерғалиев тұрғын үй құрылысын арнаулы экономикалық аймақ аясында да жүргізіп, инженерлік желілерді уақытылы тарту қажеттігін айтады.

Оның айтуынша, бұл іс-шаралар халықтың әл-ауқатын арттырып, құрылыс нарығы мен пәтер бағасын тұрақтандырады. Жұмыс орындары санының артуына сеп болып, бюджетке салық түсімдерін арттырады.

Барлық жаңалықтар