00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ғалымдарға Шарманов атындағы халықаралық сыйлықтар табысталды

31.03.2023 | 19:18
Елорда ақпарат
46

Тамақтану ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар академик Төрегелді Шарманов атындағы халықаралық сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.

Тамақтану ғылымының дамуына зор үлес қосқан биохимия, физиология және тамақтану гигиенасы саласындағы танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы, РҒА академигі Виктор Тутельян, Қазақстан дәрігерлері мен азаматтарына барлық маңызды зерттеулерден хабардар болуға көмектесетін ғалымдардың, дәрігерлер мен құқық қорғаушылардың – Medsupport.kz жобасының негізін қалаушылар: дәрігерлер мен пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі заңгер Ақмарал Тұрсынова, медицина докторы, биолог, денсаулық сақтау саласындағы коммуникатор Ботагөз Кәукенова, биолог Динара Өскенбаева, химик Томирис Муликова аталған сыйлыққа ие болды.

Сыйлық иегерлерін Төрегелді Шарманов негізін қалаған қамқоршылар кеңесі анықтады. Кеңес құрамында қоғам қайраткерлері Олжас Сүлейменов, Мұрат Әуезов, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Парламент Сенатының экс-депутаты Қуаныш Сұлтанов, әйгілі нейрохирург Серік Ақшолақов, кардиохирург Юрий Пя бар.

Салтанатты шара барысында 2021 жылғы сыйлықтың алғашқы лауреаттары анықталды. Олар – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға ықпал еткен әлемнің жетекші ғалымдары. Лауреаттар қатарында Джонс Хопкинс университетінің шетелдік мамандары Дэвид Бишай, Майка Шлайф, қазақстандық дәрігерлер Бақыт Көшерова, Амангүл Дүйсенова, COVID-19 емдеу хаттамасын әзірлеушілер бар. Олар коронавирус инфекциясы бар күрделі және ауыр науқастарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, - деп мәлім етті С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Төрегелді Шармановтың халықаралық қоры 2021 жылы құрылған.

Қордың миссиясы – денсаулық сақтау және салауатты тамақтану саласындағы жас және перспективалы ғалымдардың жобаларын қолдау. Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы – Төрегелді Шарманов. Ол бүкіл өмірін қоғамға, адамзатқа қызмет етуге, денсаулық пен тамақтануды жақсартуға арнады. Академиктің өмірлік ұстанымы – адамдарға көмектесу, басқаларға пайдалы болу, - делінеді хабарламада.

Барлық жаңалықтар