00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізге келушілер саны артты

31.03.2023 | 18:41
Елорда ақпарат
21

Қазақстанға ағылған халықтың саны артты, керісінше елден кеткендер саны айтарлықтай төмен, деп хабарлады Elorda.info LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың сегіз айында Қазақстанға 9595 адам келген. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 51,4% құрады.

Оның басым бөлігі республикаға ТМД елдерінен – 8095 адам, басқа елдерден – 1500 адам келді.

Сонымен қатар, есепті кезеңде елден кеткендердің саны 19,4%-ға азайып, 18 275 адамды құрады.

 Қазақстандықтар көбінесе ТМД елдеріне барды – 15 550 адам, ал басқа елдерге 2725 адам ат басын тіреді.

Сонымен, көші-қон сальдосы теріс болды (-8680 адам).

Егер тұрғындардың ел ішінде қалай қозғалғаны туралы деректерді қарастыратын болсақ, онда мұнда 2,1%-ға төменден көрсеткіш байқалды. Жалпы өсім еліміздің үш өңірінде байқалды: Астанада (+22960 адам), Алматыда (+24711 адам) және Шымкентте (+2154 адам).
 

Барлық жаңалықтар