00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл Қазақстанға 800 мыңға жуық өзбекстандық турист келген

31.03.2023 | 17:48
Елорда ақпарат
24

Жыл басынан бері Қазақстанға 800 мыңға жуық өзбекстандық турист келген, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 3,9 миллион өзбек туристік мақсатпен шетелге шыққан.

Олар көбінесе көрші елдерге барады. Олардың ең көп баратыны – Қырғызстан. Мұнда 1877 мың өзбек барған.

Туристердің қызығушылығын арттырған екінші бағыт – Қазақстан. Жыл басынан бері елімізге 774,1 мың Өзбекстан азаматы келген.

Ал үшінші орында – Тәжікстан. Бұл елді 535,1 мың өзбекстандық турист таңдаған.

Төртінші және бесінші орында Түркия мен Ресей тұр. Бұл елдерге 239,1 мың және 195,7 мың өзбекстандық турист келген.

Айта кетейік, биыл Өзбекстанға 900 мыңнан астам қазақстандық турист барған болатын.

Барлық жаңалықтар