00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Жаңбыр соңы қарға ұласады»: 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

31.03.2023 | 17:26
Елорда ақпарат
57

Қазақстанда 27 қыркүйекте нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды, тұман түседі, сонымен қатар жаңбыр соңы қарға ұласады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгдромет» РМК болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, сол себепті жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр жауса, солтүстікте жаңбыр соңы қарға ұласады.

Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, – деп мәлім етті «Қазгдромет» РМК.

Болжам бойынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік- батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде және күндіз 9-11 градус жылы болады, біртіндеп төмендейді, – дейді синоптиктер.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Барлық жаңалықтар