00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еріктілердің қайырымдылық дүкенінде аз қамтылған отбасыларға заттар тегін таратылады

25.02.2023 | 14:47
Елорда ақпарат
46

2016 жылы Волонтерлік қызмет туралы Заң қабылданып, қарқынды дамып келеді. Жамбыл облысында бастапқыда 100 волонтер болса, қазір олардың саны 12 мыңнан асты.

Арайлым Әбдуалиева қызмет ететін Жамбыл облыстық вололнтерлік фронт-офис құрамында 12 134 волонтері бар 13 ұйым бар. Кәсіптік білім беру ұйымдары мен жастар ресурыстық орталығы жанынан 154 волонтерлік топ құрылған.

Обылыста волонтерлерге  қолайлы ортаны дамыту мақсатында Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан «Асыл мұра» волонтерлік фронт кеңсесі 2020 жылдан бастап жұмыс жасайды. Фронт кеңсе волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға қолдау көрсетеді.

Мұнда волонтерлік бойынша жастарды оқытылады, конкурстар ұйымдастырылады, алғыс хаттар мен сертификаттар беріледі, үздіктері мемлекеттік наградаларға ұсынылады.Сондай-ақ, фронт кеңсе волонтерлік ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында меморандумға отыруға көмек береді. Шағын гранттарға қатысу үшін волонтерлерге оқыту курстарын өткізіп, жоба жазуға жәрдемдесіп, гранттар ұтуға көмек көрсетеді, – дейді волонтер.

Арайлым волонтерлік фронт кеңсенің атқарған жұмыстары жайлы да баяндап берді. Жамбыл облысындағы волонтер жиналған фронт-кеңсе бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр.

2021 жылы Волонтерлікті іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Жол картасында «Қоғам сақшысы», «Ерікті кеңес беру алаңы», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Smail/күлкі сыйла», «Кітап сыйла», «Болашақ бізде», «Таза жүрек», «Өмір сыйла», «Жастар – жасыл қала үшін!», «Біздің аула», «Өзіңнен баста», «Көтеріңкі көңіл-күй сыйла», «Әулиеата жауһарлары», «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария», «Зейін», «Парыз» жобалары бар.

Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап «Зейін» жобасы іске асырылып келеді. Жоба аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан қосымша білім ала алмай жүрген оқышыларға ағылшын тілі курстарын өткізеді, ҰБТ-ға дайындайды, осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам адамды оқытып шығарды.

Сонымен қатар «Қоғамдық сақшы» жобасы да тұрақты түрде 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоба табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, қоғамдық тәртіп ережелерін ұстану бойынша түсіндіру, ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды жою, жол полициясымен түнгі және күндізгі рейдтер жүргізеді.

«Birgemiz: Saýlyq» бағыты бойынша «Таза жүрек» жобасы жүзеге асуда. «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығымен» бірлесіп «Волонтер дәрігерлер қозғалысы» құрылды. Қазіргі таңда медициналық білімі бар 100 волонтер орталықта арнайы оқытудан өтті. Жамбыл облысындағы аудан, ауыл тұрғындарының денсаулықтарын тексеріп, скринингтік жұмыстар жүргізеді. Денсаулық керуені жүзеге асырылуда. Керуеннің мобильді тобының құрамы тәжірибелі кардиолог, невропотолог, хирург және волонтерлардан тұрды.

 2022 жылы  волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтар волонтерлік бағыттарға арналған мемлекеттік шағын гранттар конкурсына қатысып, 22 грант ұтып алды. 100 - 500 мың аралығында. Басқа да шағын гранттар конкурстары жүріп жатыр. Оларға да жаңа жобалармен қатысуда, – деп атап өтті ерікті.

Сондай-ақ Арайлым еріктілік қызметіне қалай келгені туралы да айтып берді. 2016 жылы облыста бірінші болып Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығы жанынан «Жібек жолы жастары» волонтерлік қозғалысын ашқан. Еріктінің айтуынша, бастапқыда  волонтерлік қозғалыста 10-ақ адам болған.

Сол аралықта «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне әр облыстан 100 волонтер даярлап, іріктеу кезеңін өткізу туралы тапсырма келді. Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік парақшаларында іріктеу өтетіндігі туралы хабарландыру шығардық. Арнайы критерий бойынша ірікеу кезеңі үш күн өтті. Сол аралықта 300 ден астам жастар келіп, ішінен 100 жасты таңдадық.

2016 жылдың тамыз айында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал етуге бағыттау, бойында көшбасшылық қасиеттерді шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулу мақсатында «ЭКСПО-2017 – ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты облыстық жастар оқыту лагерін ұйымдастырдық.

2017 жылы 100 волонтер «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде функционалдық міндеттің 7 түрі бойынша волонтерлік қызмет атқарып, жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, Алматы қаласында өткізілген «XXVIII ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА – 2017» олимпиада ойындарында 60 волонтер қызмет атқарды.

2019 жылы «Қамқор» әлеуметтік қайырымдылық дүкенін аштық. Сол жылдары дүкен біреу ғана болса, қазіргі таңда облыс бойынша 15 дүкен жұмыс жасап отыр. Дүкенге аз қамтылған, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар келіп, ақысыз негізде киім-кешек, ыдыс-аяқ, азық-түлік алып кетеді.

Әр жылда волонтерлік жоспар құрылып, жоспар аясында қайырымдылық, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Жылдан жылға волонтерлер саны көбейді. Волонтерлік ұйымдар құрылды, волонтерлік клубтар ашылды.

Биыл Ыстанбұл қаласына Қазақсатаннан 7 волонтер Волонтерлікті дамытуға арналған форумға қатысып, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің волонтерлерімен достасып, тәжірибе алып қайттық. Бұл форум бізге қайталанбас әсер сыйлады, - деп сөзін түйіндеді Арайлым Әбдуалиева.

Барлық жаңалықтар