00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ұятсыздар»: Әскери сарбаздардың «беташары» елдің ашуына тиді

25.02.2023 | 14:07
Елорда ақпарат
55

Алайда бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Видеода бір топ сарбаз ғимараттың ішінде «беташар» рәсімін өткізіп жатқан сәті түсіп қалған. Жас келін мен оны қолтықтап тұрған екі жеңгесінің рөлінде де сарбаздар тұр. Асаба домбырамен әндетіп, «келінге» жаңа туыстарын таныстыруда. Басқа сарбаздар ортаға қойылған әскери бас киімге ақша тастап, мәз боп жатыр.

Сарбаздардың бұл әрекеті көпшіліктің ашуына тиді. «Беташарды мазақ қып, іштері пысып отыр екен», «Қазіргі біздің әскердің сиқы осы», «Ұятсыздар», «Ел қорғай ма десек, мыналардың істеп жүргені мынау» деген сыңайдағы пікірлер көптеп кездеседі.

Кейбір қолданушылар бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары да болуы мүмкін деп топшылапты. «Қай бала келіншек болғысы келеді. Осылай жалғаса береді, өлмегенде не істейді?» дейді жұртшылық. Сондай-ақ видеодағы көріністі жәй әзіл, көңіл көтеру үшін жасалған дүние екенін айтқандар да бар.

Барлық жаңалықтар